ШЫҒЫП ҚАЛҒАН МҮШЕЛЕРДІҢ ОРНЫНА КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫ САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ

ШЫҒЫП ҚАЛҒАН МҮШЕЛЕРДІҢ ОРНЫНА КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫ САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ

Сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихаты кезектен тыс қырық бірінші сессиясының 2026 жылғы 15 мамырдағы 

№ 41/260-VIІІ шешімі

 

 

 

Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 13/76-VIІІ «Аумақтық және учаскелік сайлау

комиссияларының мүшелерін сайлау туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10, 19 - баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 7-1) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №13/76-VIІІ «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері мiндеттерiн атқарудан босату туралы өз ерiктерімен өтiнiш берулеріне байланысты міндеттерінен босатылсын:

№ 156 «AMANAT»партиясы» ҚБ – дан Қорлан Майдановна Кусембаева;

№ 156 «Ауыл» партиясы» РҚБ – дан Юлия Васильевна Шидербаева;

 № 161 «AMANAT»партиясы» ҚБ – дан Берик Серикулы Жолдахмет.

учаскелік сайлау комиссияларының құрамына енгізілсін:

№ 155 «AMANAT»партиясы» ҚБ – дан Мейрамбек Кылышбекович Балиев;

№ 155 «Ауыл» партиясы» РҚБ – дан Айжан Мухаметкалиевна Мусатаева;

№ 156 «Қазақстанның халық партиясы» ҚБ – дан Султан Ролланович Нургалиев;

№ 159 «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлерінің жергілікті кәсіби одағы» ҚБ - дан Майра Серикпаевна Мухалиева;

№ 160 «Қазақстанның халық партиясы» ҚБ – дан Маржан Нурлановна Алпысбаева.

  1. Саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктер № 156, № 161 учаскелік сайлау комиссияларының құрамына шығып қалған мүшелердің орнына кандидаттар бойынша ұсыныстарды 2026 жылдың 30 мамырына дейін енгізсін.
  2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Курчатов қалалық мәслихатының

төрағасы                                                                                            Г. Хусайнова