КЕЗЕКТЕН ТЫС ҚЫРЫҚЫНШЫ СЕССИЯ

КЕЗЕКТЕН ТЫС ҚЫРЫҚЫНШЫ СЕССИЯ

2026 жылғы 10 сәуірде сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс қырықыншы сессиясы онлайн режимде өтті. Сессия жұмысына Курчатов қаласы әкімінің орынбасары М.Н. Мырзыкешов және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.
Сессияда ағымдағы жылға арналған қалалық бюджет нақтыланды.

Қала бюджетін нақтылау облыстық бюджеттен 10 096,3 мың теңге сомасында ағымдағы трансферттердің ұлғаюына байланысты. Бюджеттің шығыс бөлігін сапалы орындау мақсатында 2 468,0 мың теңге сомасында қаражатты қайта бөлу көзделген.

Абай облыстық мәслихатының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 35/233-VIII «Абай облысы мәслихатының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 32/212-VIII «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Абай облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген 1% - дан 47,3% - ға дейінгі әлеуметтік салық бойынша қала бюджетіне кірістерді бөлу нормативінің өзгеруіне байланысты меншікті  кірістерді  475 000,0 мың теңге сомасында ұлғайту көзделген

Курчатов қалалық мәслихаты