
Сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихаты кезекті отыз тоғызыншы сессиясының 2026 жылғы 31 наурыздағы
№ 39/244-VIІІ шешімі
Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 13/76-VIІІ «Аумақтық және учаскелік сайлау
комиссияларының мүшелерін сайлау туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10, 19 - баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 7-1) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері мiндеттерiн атқарудан босату туралы өз ерiктерімен өтiнiш берулеріне байланысты міндеттерінен босатылсын:
№ 155 «AMANAT»партиясы» ҚБ – дан Сулейменова Алтынай Амангельдыевна;
№ 155 «Ауыл» партиясы» РҚБ – дан Поломошнова Светлана Владимировна;
№ 156 «Қазақстанның халық партиясы» ҚБ – дан Сакаев Ерболат Толеубекович;
№ 160 «Қазақстанның халық партиясы» ҚБ – дан Алимбекова Жадыра Болатовна.
Курчатов қалалық мәслихатының
төрайымы Г. Хусайнова
ШЫҒЫП ҚАЛҒАН МҮШЕЛЕРДІҢ ОРНЫНА КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫ САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН САЙЛАУ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10, 19 - баптарына сәйкес Абай облысы Курчатов қаласының мәслихаты мүшелерді сайлау туралы хабарлайды:
|
Сайлау комиссиясының атауы және нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
|
Курчатов қаласының № 155 учаскелік сайлау комиссиясы
|
Курчатов қаласы, Олимпийская көшесі, 3, Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 3 орта мектебі» КММ ғимараты |
|
Курчатов қаласының № 156 учаскелік сайлау комиссиясы
|
Курчатов қаласы, Олимпийская көшесі, 3, Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 3 орта мектебі» КММ ғимараты |
|
Курчатов қаласының № 160 учаскелік сайлау комиссиясы
|
Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 12, Абай облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Курчатов қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ ғимараты |
Сайлау комиссиясының мүшелері тиісті комиссия орналасқан әкімшілік аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.
Саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктерден сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар бойынша келіп түскен ұсыныстарды Курчатов қалалық мәслихаты 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап 16 сәуіріне дейін қабылдайды.
Материалдарды жинауға жауапты тұлға: Сакаев Ерболат Толеубекович, тел. 8 (72251) 3 40 66, факс 8 (72251) 3 31 80.
Пошта индексі 180010, Абай облысы, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4, Курчатов қалалық мәслихаты, электронды пошта maslihatkur@mail.ru
Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы