
2026 жылғы 13 ақпанда ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн режимде cегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз сегізінші сессиясы өтті.
Сессия барысында учаскелік және округтік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, Курчатов қаласының учаскелік және округтік сайлау комиссияларының құрамдары толық жасақталды. Барлық бос орындар толтырылып, комиссиялар Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына сәйкес өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дайын.
Курчатов қалалық мәслихаты