
Курчатов қалалық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы
№ 28/214-VI «Округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10, 19 - баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 7-1) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуі туралы өтініш берулеріне байланысты округтік сайлау комиссияларының мүшелері:
№ 2 «Ауыл» партиясы» РҚБ – дан Мустафина Куралай Тасбулатовна;
№ 7 «Қазақстан халық партиясы» ҚБ – дан Бейсекенова Еркеназ Нұрланқызы, «AMANAT» партиясы» ҚБ-дан Малышева Ольга Сергеевна;
№ 8 «Ауыл» партиясы» РҚБ – дан Енсеева Жанар Мажитовна;
№ 2 округтік сайлау комиссиясының мүшесі міндетінен өз қалауы бойынша міндетінен босату туралы өтініш беруіне байланысты «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлерінің жергілікті кәсіби одағы» ҚБ - дан Бордей Елена Викторовна босатылсын;
Курчатов қалалық мәслихатының
төрайымы Г. Хусайнова
ШЫҒЫП ҚАЛҒАН МҮШЕЛЕРДІҢ ОРНЫНА КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫ САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН САЙЛАУ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10, 19 - баптарына сәйкес Абай облысы Курчатов қаласының мәслихаты мүшелерді сайлау туралы хабарлайды:
|
Сайлау комиссиясының атауы және нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
| № 2 округтік сайлау комиссиясы | Курчатов қаласы, Иртышская көшесі, 7 «Курчатов Водоканал» ШЖҚ МКК ғимараты |
| № 7 округтік сайлау комиссиясы | Курчатов қаласының «Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» МКҚК ғимараты |
| № 8 округтік сайлау комиссиясы | Курчатов қаласы, Олимпийская көшесі, 11 Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «Күншуақ» балабақшасы» МКҚК ғимараты |
Сайлау комиссиясының мүшелері тиісті комиссия орналасқан әкімшілік аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.
Саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктерден сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар бойынша келіп түскен ұсыныстарды Курчатов қалалық мәслихаты 2026 жылдың 28 қаңтарынан бастап 11 ақпанына дейін қабылдайды.
Материалдарды жинауға жауапты тұлға: Сакаев Ерболат Толеубекович, тел. 8 (72251) 3 40 66, факс 8 (72251) 3 31 80.
Пошта индексі 180010, Абай облысы, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4, Курчатов қалалық мәслихаты, электронды пошта maslihatkur@mail.ru
Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы