
Сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының
кезектен тыс отыз жетінші сессиясының 2026 жылғы 27 қаңтардағы
№ 37/235-VIІI шешімі
Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 13/76-VIІІ «Аумақтық және учаскелік сайлау
комиссияларының мүшелерін сайлау туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10, 19 - баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 7-1) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуі туралы өтініш беруіне байланысты міндеттерінен босатылсын:
№ 154 «Қазақстанның халық партиясы» ҚБ – дан Калдыбаева Айгерим Нурлановна;
№ 161 «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы» ҚБ – дан Тлесова Айнур Сарсенгазиевна.
3. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қалалық мәслихатының
төрайымы Г. Хусайнова
ШЫҒЫП ҚАЛҒАН МҮШЕЛЕРДІҢ ОРНЫНА КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫ САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН САЙЛАУ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10, 19 - баптарына сәйкес Абай облысы Курчатов қаласының мәслихаты мүшелерді сайлау туралы хабарлайды:
|
Сайлау комиссиясының атауы және нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
| № 154 учаскелік сайлау комиссиясы | Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі,10 Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін орта мектебі» ғимараты |
| № 161 учаскелік сайлау комиссиясы | КММ Курчатов қаласы, Абай көшесі, 50 Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «№4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ғимараты |
Сайлау комиссиясының мүшелері тиісті комиссия орналасқан әкімшілік аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.
Саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктерден сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар бойынша келіп түскен ұсыныстарды Курчатов қалалық мәслихаты 2026 жылдың 28 қаңтарынан бастап 11 ақпанына дейін қабылдайды.
Материалдарды жинауға жауапты тұлға: Сакаев Ерболат Толеубекович, тел. 8 (72251) 3 40 66, факс 8 (72251) 3 31 80.
Пошта индексі 180010, Абай облысы, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4, Курчатов қалалық мәслихаты, электронды пошта maslihatkur@mail.ru
Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы