Кезектен тыс 46 сессия болып өтті

Кезектен тыс 46 сессия болып өтті

2020 жылдың 26 қазанында сағат 11.00-де алтыншы шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық алтыншы сессиясы Zoom бағдарламасы арқылы өтті.

Сессия жұмысына Курчатов қаласының әкімі Алексей Юрьевич Глазинский, әкім орынбасары Дәурен Дәуітбекұлы Өлмесеков, әкім аппаратының басшысы Мағжан Еренғайыпұлы Табылдин, экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ғалия Елубайқызы Қожахметова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Марат Алтынбекұлы Әбдікәрімов қатысты.

Күн тәртібі:

1. Курчатов қалалық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 37/293-VІ «Курчатов қаласының 2020 – 2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Әр түрлі.

1) Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 21/169-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

2) Алтыншы шақырылған Курчатов қалалық мәслихаты кезекті қырық жетінші сессиясының төрағасы туралы.

Депутаттар қарастырылған барлық мәселелер бойынша шешімдерді бірауыздан қабылдады.