Кезектен тыс 36 сессия

Кезектен тыс 36 сессия

2025 жылдың 26 желтоқсанында сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы болып өтті. 

Сессияда «Курчатов қаласының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспары» қаралып, бекітілді. 

Қаланы дамыту жоспары стратегиялық құжат болып табылады, ол қолданыстағы мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес әзірленіп, қаланың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. 

Жоспарда 26 мақсат, 24 міндет, 14 негізгі Ұлттық индикатор, 15 нысаналы индикатор және 44 нәтижелік көрсеткіш қарастырылған. 

Индикаторлардың жоспарлы мәндері Абай облысының салалық басқармаларымен келісілген және тұтастай алғанда облыстың даму жоспарының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған. 

 

Курчатов қалалық мәслихаты