
2025 жылғы 18 желтоқсанда сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезекті отыз бесінші сессиясы болып өтті.
Сессияға Курчатов қаласының әкімі Б.Т. Абдралиев, жергілікті атқарушы органдар басшылары, қаланың кәсіпорындары және ұйымдарының басшылары қатысты.
Сессия барысында мәслихат төрайымы Г.М. Хусайнова 2025 жылғы мәслихат қызметі туралы есеп беріп, депутаттық корпус жұмысына және атқарылған жұмыстардың негізгі бағыттарына тоқталды.
Күн тәртібінде 2026 жылға арналған мәслихаттың жұмыс жоспарын бекіту және 2026–2028 жылдарға арналған қала бюджетін бекіту мәселелері қаралды. 2026 жылға арналған Курчатов қаласының бюджеті бойынша түсімдер көлемі 2 139 081,0 мың теңге мөлшерінде болжануда, ал қалалық бюджеттің шығыстары 1 591 675 мың теңге көлемінде қарастырылған. Кіріс бөлігін қалыптастыру барысында 210 778,0 мың теңге көлеміндегі нысаналы трансферттер ескерілді.
Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Курчатов қалалық мәслихаты