
2025 жылдың 9 желтоқсанында Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы Г.М. Хусайнованың, қала әкімінің орынбасары А.А. Баймурзаевтың, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Ю. Глазинскийдің, «Отбасын қолдау орталығы» КММ психологы К.К. Мыштанованың қатысуымен қалалық мәслихаттың әлеуметтік даму, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті.
Отырыста Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Ю. Глазинскийдің «Отбасын қолдау орталығының жұмысы туралы» ақпараты тыңдалды. Аталған орталық 2024 жылы ашылған. Отбасын қолдау орталығы қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық бағыттар бойынша кешенді көмек көрсетеді. Орталық ашылғаннан бері азаматтарға және отбасыларға 251 қызмет және әр түрлі сипаттағы көмек көрсетті.
Ақпаратты тыңдап, талқылағаннан кейін тұрақты комиссия Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Ю. Глазинскийге және «Отбасын қолдау орталығы» КММ директоры Д.Е. Есентаеваға дағдарыс жағдайындағы отбасылар мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарды ерте анықтап, оларға қолдау көрсететін мобильді топтардың тұрақты жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ оларды қауіпсіз жағдайда уақытша орналастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету бойынша және басқа да бірқатар ұсынымдар берді.
Курчатов қалалық мәслихаты