Кезектен тыс 34 сессия

Кезектен тыс 34 сессия

2025 жылғы 28 қарашада сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс 34 сессиясы онлайн режимде  өтті. Сессия жұмысына Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Мырзыкешов М.Н. және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.

Сессияда ағымдағы жылға арналған қалалық бюджет нақтыланды. Қалалық бюджетті нақтылау республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің қысқаруына және бюджеттің шығыс бөлігінің сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қаражатты қайта бөлумен байланысты.

Бюджеттің кіріс бөлігінің сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша 22 973,0 мың теңге көлемінде меншікті кірістерді ұлғайту көзделген. Бұл қаражаттар су жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін сорғы агрегатын және қаланың өзге де тауар-материалдық қажеттіліктерін сатып алуға жұмсалатын болады.

Бюджеттің шығыс бөлігін сапалы орындау мақсатында жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік сатып алулар бойынша үнемделген 8 485,3 мың теңге көлеміндегі қаражат қайта бөлінді.

 

Курчатов қалалық мәслихаты