
2025 жылғы 25 қарашада сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз үшінші сессиясы Zoom бағдарламасы арқылы онлайн режимде болып өтті.
Сессия жұмысына ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А.Ж. Койбагысов, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Т. Мубаряков қатысты.
Сессияда «Курчатов қаласында оңайлатылған декларация негізінде
арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» мәселесі қаралды.
Салықты төмендету мақсаты шағын бизнесті қолдау, заңды қызметті ынталандыру және қала аумағында кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Депутаттар оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі базалық мөлшерлемесін 4 пайыздан 2 пайызға төмендету туралы шешімді бірауыздан қолдады.
Аталған шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан күшіне енеді.
Курчатов қалалық мәслихаты