Тұрақты комиссия отырысы

Тұрақты комиссия отырысы

2025 жылғы 28 қазанда Курчатов қалалық мәслихатының бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Отырысқа Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы Г.М. Хусайнова, экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Е. Кожахметова қатысты.
Комиссия отырысында «Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалық  жоспары және ағымдағы іске асырылу барысы  туралы» экономика және қаржы бөлімінің Г.Е. Кожахметованың ақпараты тыңдалды.
Ақпаратқа сай өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 5 157,7 млн. теңгені құрады, өңдеу өнеркәсібінде 576,6 млн. теңге сомасына өнім өндірілді.

2025 жылғы 1 қазанында  жергілікті бюджетке түсетін түсімдер (меншікті кірістер) 1 881,3 млн.теңгені құрап отыр.

Отырыс қорытындысы бойынша Курчатов қаласының 2024–2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының жеке көрсеткіштері бойынша жергілікті атқарушы органдарға ұсынымдар берілді.

Курчатов қалалық мәслихаты