Кезекті 45 сессия болып өтті

Кезекті 45 сессия болып өтті

2020 жылдың 14 қазанында сағат 10.00-де алтыншы шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезекті қырық бесінші сессиясы болып өтті. Сессия Zoom бағдарламасы арқылы өтті.

Сессия жұмысына Курчатов қаласының әкімі Алексей Юрьевич Глазинский, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Арман Кендебайұлы Тоқпақов қатысты.

Күн тәртібі:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалық құжаттарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы іске асырудағы жергілікті атқарушы органдардың қызметі туралы.

2. Өткен жылыту маусымының қорытындылары және Курчатов қаласының жылумен қамтамасыз ету ұйымдарын алдағы жылу беру маусымына дайындау іс-шаралары туралы.

3. Мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі (Батырбеков Э.Ғ.).

4. Әр түрлі.

Депутаттар қарастырылған барлық мәселелер бойынша шешімдерді бірауыздан қабылдады.