
2025 жылғы 23 қазанда Курчатов қалалық мәслихатының әлеуметтік даму, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Отырысқа Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы Г.М. Хусаинова, Курчатов қаласы әкімінің орынбасары А.А. Баймурзаев, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Г. Котова, Жастар ресурстық орталығының директоры А.М. Мусатаева және қалалық Мансап орталығының директоры Султанова А.М. қатысты.
Комиссия отырысында «Курчатов қаласында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы» мәселе қаралды.
Ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Г. Котованың ақпаратын тыңдап және талқылай келе, тұрақты комиссия жергілікті атқарушы органдарға жастар ұйымдары мен Курчатов қаласы әкімінің жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңестің жұмысын жандандыруды, мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеуді, сондай-ақ Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, жастарға құқықтық және психологиялық мәселелер бойынша кеңес беру жұмыстарын жалғастыруды ұсынды.
Курчатов қалалық мәслихаты