Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз екінші сессиясы болып өтті

Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз екінші сессиясы болып өтті

2025 жылғы 10 қазанда сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз екінші сессиясы Zoom бағдарламасы арқылы онлайн режимде болып өтті. 

Сессия жұмысына Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Мырзыкешов М.Н. және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты. 

Сессияда ағымдағы жылға арналған қалалық бюджет нақтыланды. Қалалық бюджетті нақтылау облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің қысқаруына және бюджеттің шығыс бөлігінің сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қаражатты қайта бөлумен байланысты. 

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың ведомствоаралық комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілді.

                                                                                      Курчатов қалалық мәслихаты