2025 жылғы 2 қазанда Курчатов қалалық мәслихаты заңдылық, құқық тәртібі, депутаттық өкілдік және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті.
Отырысқа Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы Хусайнова Г.М., қала әкімі аппаратының басшысы Дюсенбаев Б.Т., Курчатов қалалық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Әбілмансұров З.А., №1 мектептің директоры Смагулова А., №3 мектептің директоры Пронина В.В., балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылар құрамы, сондай-ақ қала әкімі аппаратының заң бөлімінің инспекторы Темерханова А.Е. қатысты.
Комиссия отырысында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары туралы» мәселесі қаралды.
Ақпаратты тыңдап, талқылағаннан кейін комиссия полиция және білім беру мекемелері арасындағы тығыз өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Жастар арасында рейдтер, дәрістер мен семинарлар, профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұру ұсынылды. Мектептерде психологтардың қатысуымен жасөспірімдермен жұмыстарды күшейту туралы ұсыныстар берілді.
Курчатов қалалық мәслихаты