2025 жылғы 18 қыркүйекте Курчатов қалалық мәслихатының кезекті XXXI сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Курчатов қаласының әкімі Б.Т. Абдралиев, жергілікті атқарушы органдардың сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары қатысты.
Сессия барысында келесі мәселелер қарастырылды:
Қала тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы, медицина қызметкерлерінің еңбекақысы мен әлеуметтік кепілдіктері туралы.
Бұл мәселе бойынша Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Курчатов қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігерінің м.а. К. Т. Туткушева баяндама жасады.
«Өткен жылу беру маусымының қорытындысы және алдағы жылу беру маусымына дайындық шаралары» туралы ақпаратпен Курчатов қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.С. Жолдахмет таныстырды. Ақпаратқа сай қаланың барлық қазандықтары жылыту маусымына дайын. Көмір қоры бар.
Сонымен қатар «Курчатов көп салалы эксплуатациялық кәсіпорнының» МКК директоры Нұрланов Айдын Мукатаевич пен «Курчатов Водоканал» ШЖҚ МКК қаланы абаттандыру және автомобиль жолдарын күтіп-ұстау жөніндегі учаскі бастығы Михальченко Кульбаршинға Курчатов қаласының Құрметті азаматы атағы берілді.
Сессия барысында аталған сұрақтардан басқа да мәселелер қаралды олар бойынша тиісті шешімдер қабылданып, орындалуын қамтамасыз ету бойынша жауапты органдарға ұсыныстар берілді.
Курчатов қалалық мәслихаты