2025 жылғы 18 қыркүйекте сағ. 10.00-де сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезекті отыз бірінші сессиясы болады. Өткізілетін орны: Курчатов қаласы әкімдігінің отырыс залы, Тәуелсіздік көшесі 4.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
- Қала тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы, медицина қызметкерлерінің еңбекақысы мен әлеуметтік кепілдіктері туралы.
- Өткен жылу беру маусымының қорытындысы және Курчатов қаласының жылумен қамтамасыз ету ұйымдарын алдағы жылу беру маусымына дайындау шаралары туралы.
- Мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі (Витюк В.А.).
4. Әр түрлі мәселелер.
Курчатов қалалық
мәслихатының төрайымы
Г. Хусайнова