ШЫҒЫП ҚАЛҒАН МҮШЕЛЕРДІҢ ОРНЫНА КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫ САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ

ШЫҒЫП ҚАЛҒАН МҮШЕЛЕРДІҢ ОРНЫНА КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫ САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ

Сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының

кезектен тыс отызыншы сессиясының

2025 жылғы 21 шілдедегі № 30/194-VIІІ шешімі

 

 

Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 13/76-VIІІ «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының

мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10, 19 - баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 7-1) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №13/76-VIІІ «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуі туралы өтініш берулеріне байланысты «Respublica» партиясы» ҚБ-дан Курчатов қаласы аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі міндетінен Кумисай Сериковна Бейсенбинова босатылсын.

  1. Саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктер аумақтық сайлау комиссияның құрамынан шығып қалған мүшенің орнына кандидат бойынша ұсынысты 2025 жылдың 8 тамызына дейін енгізсін.

         3. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Курчатов қалалық мәслихатының

төрайымы                                                                                              Г. Хусайнова

  

ШЫҒЫП ҚАЛҒАН МҮШЕЛЕРДІҢ ОРНЫНА КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫ САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10, 19 - баптарына  сәйкес Абай облысы Курчатов қаласының мәслихаты мүшелерді сайлау туралы хабарлайды:  

 

Сайлау комиссиясының атауы

және нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Абай облысы Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4 әкімдіктің қосалқы ғимараты

Сайлау комиссиясының мүшелері тиісті комиссия орналасқан әкімшілік аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.

Саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктерден сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар бойынша келіп түскен ұсыныстарды Курчатов қалалық мәслихаты 2025 жылдың 21 шілдесінен бастап 2025 жылдың 8 тамызына дейін қабылдайды.

Материалдарды жинауға жауапты тұлға: Сакаев Ерболат Толеубекович, тел. 8 (72251) 3 40 66, факс 8 (72251) 3 31 80.

Пошта индексі 180010, Абай облысы, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4, Курчатов қалалық мәслихаты, электронды пошта maslihatkur@mail.ru

 

Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы