2025 жылдың 21 шілдесінде сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс отызыншы сессиясы Zoom бағдарламасы арқылы онлайн тәртібінде өткізілді.
Сессия жұмысына жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.
Сессияда ағымдағы жылға арналған бюджет нақтыланды. Қалалық бюджетті нақтылау облыстық және республикалық бюджеттен 19 448,8 мың теңге сомасында ағымдағы трансферттердің азаюымен және 452 542,0 мың теңге көлемінде коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін сатып алуға МБҚ, 188 400,9 мың теңге көлемінде Курчатов қаласының сүзгі-сорғы станциясына, 124 345,0 мың теңге көлемінде Курчатов қаласының № 1, 3, 5 қазандыққа және жылу желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізуге, 35 087,3 мың теңге көлемінде Курчатов қаласының қалалық мәдениет үйі ғимаратының қасбетіне ағымдағы жөндеу жүргізуге облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді ұлғайтумен байланысты.
Курчатов қалалық мәслихаты