2025 жылдың 1 шілдесінде Курчатов қалалық мәслихатының кезекті 29 сессиясы болып өтті.
Сессия жұмысына Курчатов қаласы әкімі Абдралиев Болат Тансыкбаевич, жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.
Сессияда барысында бірқатар мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Курчатов қаласы әкімінің оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі тыңдалды. Есепте қаладағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері, инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытында атқарылған жұмыстар қамтылды.
Сондай-ақ, «Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру және аталған құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» және осы бағыттағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы ақпарат ұсынылды. Мәселенің маңыздылығын атап өтіп, алдағы кезеңде нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін үйлестірілген іс-шараларды күшейту қажеттігін білдірді. Сонымен қатар, сессияда Курчатов қалалық мәслихатының әлеуметтік даму, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі тыңдалды. Комиссия мүшелері атқарылған жұмыстар туралы баяндап, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды. Барлық қаралған сұрақтар бойынша сәйкес шешімдер қабылданды.
Курчатов қалалық мәслихаты