Тұрақты комиссия отырысы

Тұрақты комиссия отырысы

2025 жылдың 4 маусымында Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы Г.М. Хусайнованың, Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е.С. Жумагуловтың және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Ю. Глазинскийдің қатысуымен қалалық мәслихаттың әлеуметтік даму, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті.

Комиссия отырысында мынадай мәселе қаралды: «Курчатов қаласы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша қалалық комиссия жұмысы туралы».

Ақпаратты тыңдап және талқылай келе, тұрақты комиссия жергілікті атқарушы органдарға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босап келген адамдарға, сондай-ақ қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазасын өтеп жатқан адамдарға еңбекке және тұрмыстық жағдайына жәрдемдесу және басқа да әлеуметтік және өзге де көмек түрлерін ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру бойынша және басқа да бірқатар ұсыныстар берді.

Курчатов қалалық мәслихаты