Тұрақты комиссия отырысы

Тұрақты комиссия отырысы

2025 жылдың 26 мамырында Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы Г.М. Хусайнованың, Курчатов қаласы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы З.А. Әбілмансұровтың және Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А.Ж. Койбагысовтың қатысуымен қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі, депутаттық өкілдік және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті.

Комиссия отырысында мынадай мәселе қаралды: «Курчатов қаласының үй және ауыл шаруашылық жануарларын ұстаудағы проблемалық мәселелер туралы (қала көшелерінде ауыл шаруашылық жануарларының жайылуы, қаңғыбас мысықтар мен иттер жайында)».

Ақпаратты тыңдап және талқылай келе, тұрақты комиссия жергілікті атқарушы органдарға ауыл шаруашылығы жануарларының иелері арасында ветеринариялық заңнаманы сақтау мәселелері бойынша жүйелі түсіндіру жұмыстарын жалғастыру, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелері талаптарының сақталуына тұрақты мониторинг жүргізу және құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстарын күшейту туралы ұсынымдар берді.

Курчатов қалалық мәслихаты