Сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма жетінші сессиясының 2025 жылғы 22 мамырдағы № 27/179-VIІІ шешімі

Сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының  кезектен тыс жиырма жетінші сессиясының  2025 жылғы 22 мамырдағы № 27/179-VIІІ шешімі

Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 13/76-VIІІ «Аумақтық және учаскелік сайлау

комиссияларының мүшелерін сайлау туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10, 19 - баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы                         7-1) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №13/76-VIІІ «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

учаскелік сайлау комиссияларының құрамына:

№ 151 «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлерінің жергілікті кәсіби одағы» ҚБ - дан Каримова Асель Нурбековна;

№ 154 «Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы» ҚБ –дан Каликанов Темирлан Маулитович;

№ 157 «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлерінің жергілікті кәсіби одағы» ҚБ – дан Кулькешова Асель Жумабаевна енгізілсін.

  1. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Курчатов қалалық мәслихатының

төрайымы                                                                                            Г. Хусайнова