КУРЧАТОВ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ СЕССИЯСЫ

КУРЧАТОВ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖИЫРМА  ЖЕТІНШІ СЕССИЯСЫ

2025 жылдың 22 мамырында Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс 27 сессиясы болып өтті.

Сессия жұмысына Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е.С. Жумагулов және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.

Сессияда Курчатов қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілді. Жаңа қағидаларға сәйкес Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне төленетін төлем 5 000 000 тенгеге дейін ұлғайтылды, әлеуметтік көмек алатын өзге де санаттарға төленетін төлем көлемі ұлғайтылды.

 Сонымен қатар, Курчатов қалалық мәслихатының 2024 жылғы  21 ақпандағы № 15/88-VIII «Курчатов қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне енгізілген өзгерістерге сәйкес үйде оқытылатын мүгедектігі бар балалар отбасыларына төленетін төлем оқу жылында бір балаға айына 7-ден 10 АЕК-ке дейін өсті.  Сондай-ақ, сессияда «Курчатов қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешім қабылданды. Осы шешімге сәйкес, қаламыздың тұрғындарына егер олар алушылар санатының бекітілген тізбесіне жататын болса, несие сомасының 10 пайызына дейін, бірақ 1 600 000 теңгеден аспайтын әлеуметтік көмек түріндегі тұрғын үй сертификаты беріледі.

 

Курчатов қалалық мәслихаты