Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық Соттың судьялары мен оның Аппаратының қызметкерлері Астанадағы Президент Архивінің кеңсесіне барып, оның жұмысымен танысты.
Архив директоры Әлия Мустафина атап өткендей, архив қорларында 1,5 миллионнан астам мемлекеттік құжат сақталған, олардың елеулі бөлігі цифрландырылып, қазіргі таңда пайдаланушыларға электрондық форматта қолжетімді.
Судьялар нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін тексеру барысында конституциялық ережелердің тарихи-құқықтық маңызын, сондай-ақ заңдар мен заңға тәуелді актілерді қабылдау кезінде заң шығарушы мен мемлекеттік органдардың еркін көрсететін мемлекеттік, оның ішінде мұрағаттық құжаттарды зерделеуге ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Сонымен қатар, құқық қолдану тәжірибесінің құқықтық статистикасы да зерттеледі.
Айта кету керек, Қазақстанда алғаш рет конституциялық бақылау органы құрылған 1992 жылдан бастап барлық конституциялық іс жүргізуге қатысты құжаттар Архив қорында сақталып келеді.