Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Азамат 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодекстің (жалпы бөлім) 177 және 178-баптарының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы Конституциялық Сотқа жүгінді.
Өтініш беруші бұған дейін 2004 жылы әкесіне берілген мұрагерлік құқығы туралы куәліктің жарамдылығына қарсы шығып, мұраны қабылдағанын мойындауды өтінген. Алайда оған Азаматтық кодекстің көрсетілген нормаларына сілтеме жасай отырып, талап арызды қанағаттандырудан бас тартылды.
Конституциялық Сот Азаматтық кодекстің талап қоюды реттейтін аталған нормаларының сот арқылы қорғауына қатысы бар екенін және оларды іс жүзінде қолданудың заңдылығын бағалау соттардың айрықша құзыретіне жататынын көрсетті. Өтініш берушінің дәлелдері оның қатысуымен азаматтық істегі нақты мән-жайларға қатысты болады және Конституцияға сәйкестігін тексеру үшін негіз ретінде қаралуы мүмкін емес.