Отбасы күніне арналған отбасылық спартакиада

Отбасы күніне арналған отбасылық спартакиада

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz


Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппараты мен Maqsut Narikbayev University қызметкерлерінің отбасыларының қатысуымен Отбасы күніне арналған спартакиада аясында «Әке, ана, мен» спорттық шара өтті.

Шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту және корпоративтік мәдениетті дамыту. Көңілді эстафеталар, командалық жарыстар мен белсенді ойындар ересектер мен балаларды біріктіріп, барлық қатысушыларға жарқын әсерлер, көтеріңкі көңіл-күй және ұмытылмас сәттер сыйлады.

Спартакиада спорттың, отбасы мен бірліктің нағыз мерекесіне айналды.