Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Сот актісімен келіспеген өтініш беруші Конституциялық Сотқа 2017 жылғы 6 мамырдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның 2-бабы 2-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішпен жүгінді.
Оның пікірінше, бес жылдық талап қою мерзімін тек 2017 жылғы 1 қазаннан кейін жасалған қарыз шарттарына қолдануға рұқсат беретін Заң нормасы, басқа қарыз алушылармен салыстырғанда, оны заң алдында тең болу құқығынан айырады.
Конституциялық Сот талап қою мерзімін реттеудегі айырмашылық шарттың жасалған күніне байланысты объективті құқықтық өлшеммен түсіндірілетінін атап өтті. Дауланып отырған норма жекелеген сипатқа ие емес және Конституцияның 14-бабында бекітілген теңдік қағидатын бұзбайтынын көрсетті.