Конституциялық Сот білім беру саласындағы бастамаларды қолдайды

Конституциялық Сот білім беру саласындағы бастамаларды қолдайды

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

 

Конституциялық Соттың төрағасы Эльвира Азимова Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Француз және Еуропа тілдері дидактикасы орталығының ашылуына қатысты.

Орталық Францияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен, Пуатье және Лотарингия (Франция) университеттерімен, сондай-ақ Сорбонна-Қазақстан институтымен ынтымақтастықта ашылды. Бұл орталық «Құқық» бағыты бойынша қазақстандық-француздық екі дипломдық бағдарламалар шеңберінде білікті француз тілінде сөйлейтін кадрларды даярлайтын академиялық алаңға айналады. Сондай-ақ «Халықаралық қатынастар», «Экономикалық мамандықтар» және «Француз тілі мұғалімдерін даярлау» бағыттары қамтылады.