Конституциялық Сот «Бірлік жүгірісі 2025» республикалық жүгіру марафонына қатысты

Конституциялық Сот «Бірлік жүгірісі 2025» республикалық жүгіру марафонына қатысты

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz


Бүгін, 1 мамыр күні, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары
Бақыт Нұрмұханов бастаған команда «Бірлік жүгірісі 2025» республикалық жүгіру марафонына қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған бұл республикалық жүгіру «30 жыл бірлік – 30 жыл Ассамблея» ұранымен өтті.

Елордада өткен жүгіру шарасына мыңнан астам адам – ересектер мен балалар қатысты. Олар бірлік, достық және салауатты өмір салтын насихаттады.