Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық Соттың судьясы Сергей Ударцев бастаған делегация 24-25 сәуірде Қостанайда өңірдің заң қауымдастығымен кездесті. Кездесулер Қостанай облысының «Заңгер» заң консультанттары палатасының қолдауымен ұйымдастырылды. Делегация құрамында Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының және Бас прокуратурасының өкілдері болды.
Бұл шара Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұранымен өтті.
Кездесулер ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының және А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің оқытушылары мен оқушыларының, сондай-ақ өңірдің кәсіби қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен өтті.
Судья Ударцев өз сөзінде мемлекет пен қоғамның дамуын қамтамасыз етудегі Конституцияның үстемдігіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылаудың даму тарихына және оның эволюциясына назар аударды.
Конституциялық Соттың талдаушысы Амир Умаров өз сөзінде Конституциялық Соттың қызметі мен азаматтардың өтініш беру шарттарын егжей-тегжейлі атап өтті. 2,5 жыл ішінде заңдар ережелерінің немесе ведомстволық нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы 10 мыңнан астам азамат жүгінді, судьялар қолданыстағы заңнаманың 400-ден астам құқықтық нормаларын тексерді.
Бас прокуратураның өкілі А. Маутова жергілікті жерлерде Конституция нормаларының сақталуын қадағалауды және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі прокуратура органдарының қызметі туралы ақпаратпен бөлісті.
Кездесулер барысында қатысушылар құқық қолдану практикасы мен норма шығару процесі мәселелерін талқылауға белсенді қатысты.
https://www.youtube.com/watch?v=exZbtUnuzD4&t=227s