Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық Соттың судьялары мен Аппарат қызметкерлері «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» жалпыхалықтық экологиялық акция аясында ұйымдастырылған қалалық сенбілікке қатысты.
Шара барысында олар Тұрар Рысқұлов пен Хусейн бен Талал көшелерінің қиылысында 60-тан астам қарағай, қайың және жөке ағаштарының көшеттерін отырғызды.
«Таза Қазақстан» экоакциясына қатысу Конституциялық Сот үшін игі дәстүрге айналды. Конституциялық бақылау органы бұл бастаманы белсенді түрде қолдап келеді.
Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған мұндай үлес тек қаланы көгалдандыруға ғана емес, сонымен қатар қоғамның назарын қала көшелерінің тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне аударуға көмектеседі.
#ТазаҚазақстан #TazaQazaqstan