Конституциялық Сот құқық қорғау органдарына қызметке әкімшілік бұзушылықтар жасаған бұрынғы қызметкерлерді қабылдамау туралы норманы тексереді

Конституциялық Сот құқық қорғау органдарына қызметке әкімшілік бұзушылықтар жасаған бұрынғы қызметкерлерді қабылдамау туралы норманы тексереді

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Конституциялық Сотта азаматтың өтініші бойынша «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 6-бабы 2-тармағы 9) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін қарау жөнінде отырыс өтті. Бұл норма белгілі бір құқық бұзушылықтарды жасаған адамдарды құқық қорғау органдарына қызметке қабылдамауды көздейді.

Өтініш иесінің пікірі:

Дауланып отырған нормаға сәйкес қызметке қайта кіргенге дейін үш жыл ішінде жасаған бұзушылықтардың жекелеген түрлері үшін жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, құқық қорғау органдарына қайта оралуы мүмкін басқа адамдарға қатысты құқықтық салдарларға пропорционалды емес.

Өтініштің мән-жайы:

Өтініш беруші құқық қорғау органының қызметкері бола тұра көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл факт оны теріс себептермен жұмыстан шығаруға және құқық қорғау органдарына қызметке қайта қабылдауды шектеуге әкелді.

Отырысқа қатысқандар:

Өтініш иесі және оның адвокаты, Парламент Палаталарының, Бас прокуратураның, қаржы мониторингі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктерінің, ішкі істер, әділет министрліктерінің, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Заңнама және құқықтық ақпарат институтының өкілдері.

Баяндамашы-судья: Жақыпбаев Қ.Т.

Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес КС ресми сайтында, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады.