Қазақстандағы демократиялық реформалар Еуропа Кеңесінде жоғары бағаланды

Қазақстандағы демократиялық реформалар Еуропа Кеңесінде жоғары бағаланды

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Страсбургте өткен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) көктемгі сессиясы аясында «Демократиялық реформалар – тұрақтылық пен өркендеудің негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Шара Қазақстандағы демократиялық реформаларды іске асыруға арналды.

Қазақстан делегациясының құрамында Қазақстан Конституциялық Сотының төрағасы Эльвира Азимова, Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина және Алматы облысынан Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері болды.

Шараға ЕКПА мүшелері, Еуропа Кеңесінің Бағдарламалар департаменті, сондай-ақ Қазақстан толыққанды мүше болып табылатын Еуропа Кеңесінің екі органы – Венеция комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы (ГРЕКО) өкілдері қатысты.

Қатысушылар Президент Тоқаевтың Қазақстанның саяси жүйесін жаңғыртуға, адам құқықтарын қорғау тетіктерін нығайтуға, мемлекеттік басқару жүйесінің есептілігін арттыруға бағытталған бастамаларының жүзеге асырылуын, сондай-ақ Қазақстанның қылмыстық және сот істері бойынша ынтымақтастық саласындағы Еуропа Кеңесінің тиісті конвенцияларына қосылуға ұмтылысын талқылады.

Өз сөзінде Эльвира Азимова Конституцияның үстемдігін нығайту үдерісін, конституциялық бақылау институтының дамуын және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы сот жүйесінің рөлін атап өтті: «Конституциялық бақылау – заң үстемдігін, тұрақтылық пен мемлекеттік басқару жүйесінің үйлесімділігін қамтамасыз ететін ажырамас тетік», – деді ол.

Еуропа Кеңесі мен ЕКПА өкілдері Қазақстанның Еуропа Кеңесі институттарымен тығыз ынтымақтастығына жоғары баға беріп, елімізді өңірдегі негізгі әріптес ретінде атап өтті.

https://www.diplomatic-world-institute.com/en/kazakhstan-roundtable-council-europe-democratic-reforms/