Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары М. Ерман және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Аппаратының талдау және конституциялық іс жүргізу бөлімінің басшысы Э. Калиева құрамына кірген Қазақстан делегациясы сайлауды басқару органдарының 20-шы Еуропалық конференциясына қатысты.
«Сайлау заңнамасының тұрақтылығы – практикалық аспектілер» тақырыбындағы конференция 2025 жылғы 15–16 сәуірде Вильнюс қаласында Литва ғылым академиясының штаб-пәтерінде өтті. Конференцияны Литва Республикасының Орталық сайлау комиссиясы және Еуропа Кеңесінің Демократиялық сайлау жөніндегі кеңесі ұйымдастырды.
Шараға Литва Республикасының Парламенті Төрағасының орынбасары Р. Сукис, Еуропа Кеңесінің Демократиялық сайлау жөніндегі кеңесінің президенті С. Диксон, Венециандық комиссияның вице-президенті және мүшесі М. Куйер, Еркін және адал сайлау жөніндегі Парламенттік альянстың төрағасы лорд Д. Бленкатор, сондай-ақ Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының, ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының һәм өзге де халықаралық делегациялардың өкілдері қатысты.
Конференция барысында Эстония, Албания, Молдова, Литва, Босния және Герцеговина, Австрия мен Норвегияның заманауи тәжірибесі ұсынылды.
Шара қорытындысы бойынша Эльмира Қалиева:
«Қатысушылар мен сарапшылар сайлау заңнамасының тұрақтылығын қамтамасыз ету, халықаралық стандарттардың сақталуы, сондай-ақ сайлаудың цифрлық форматқа көшуіне байланысты туындайтын сын-қатерлер мен болашағы жөнінде пікір алмасты. Сарапшылар дауыс беруге бір жыл қалғанда сайлау құқығын өзгертпеу қағидатының маңыздылығын және ақпараттық сайлау процесінің сапалы әрі толық сүйемелденуі қажеттігін бірауыздан атап өтті», - деп түйіндеді.
https://www.coe.int/en/web/venice-commission/-/20th-european-conference-of-embs