Конституциялық Сот: әкімшілік актіге қатысты сотқа талап қою мерзімдерін белгілеу сот арқылы қорғалу құқығын іске асыруға кедергі келтірмейді

Конституциялық Сот: әкімшілік актіге қатысты сотқа талап қою мерзімдерін белгілеу сот арқылы қорғалу құқығын іске асыруға кедергі келтірмейді

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Конституциялық Сотқа талап қою мерзімін белгілейтін Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (ӘРПК) 136-бабы бірінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтініш түсті.

Өтініш беруші дауланып отырған норма оның сот арқылы қорғалу құқығын шектейді деп санайды.

Конституциялық Сот сотқа талап қою мерзімдерін белгілеу азаматтардың өз құқықтарын сот арқылы қорғау тетігінің құрамдас бөлігі болып табылатындығына және ӘРПК шеңберінде осы құқықты іске асыруға кедергі келтірмейтіндігіне өтініш берушінің назарын аударды. Өтініш беруші өзінің өтінішінде атап өткендей, сот арқылы қорғалу құқығын пайдаланды.

Конституциялық Сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша өтініш беруші келтірген дәлелдерді дауланып отырған норманың Конституцияға сәйкестігін тексеру үшін жеткіліксіз деп таныды.