Конституциялық бақылау және құқықтық ағарту: Ш. Есенов атындағы Каспий университетіндегі Конституциялық Сот судьясымен кездесу

Конституциялық бақылау және құқықтық ағарту: Ш. Есенов атындағы Каспий университетіндегі Конституциялық Сот судьясымен кездесу

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Ақтау қаласындағы Ш. Есенов атындағы Каспий университетінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Конституциялық Сот судьясы Айжан Жатқанбаеваның және Бас прокуратура өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

Шараға Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, заң қоғамдастығының өкілдері, ғалымдар мен университет студенттері қатысты. 

Айжан Жатқанбаева қатысушыларды ұлттық конституциялық әділет жүйесінің даму эволюциясымен, қайта құрылған конституциялық бақылау органының мандатымен және оның Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлімен таныстырды. Өз сөзінде ол конституциялық іс жүргізу тәжірибесінен бірнеше мысал келтіріп, Конституциялық Соттың шешімдері азаматтардың құқықтарын қорғауға және құқықтық мемлекеттің негіздерін нығайтуға қалай ықпал ететінін көрсетті. Судья құқықтық ағартудың, әсіресе жастар арасында конституциялық-құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.