Конституциялық Сот айыпталушыға бұлтартпау шарасын қолданудың негізділігін қарау туралы норманы тексереді

Конституциялық Сот айыпталушыға бұлтартпау шарасын қолданудың негізділігін қарау туралы норманы тексереді

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Конституциялық Сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша Қылмыстық-процестік кодекстің 319-бабы бесінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін қарау туралы азаматтың өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.

Аталған нормаға сәйкес судья қаулы шығарумен бiрмезгілде айыпталушыға бұлтартпау шарасын қолданудың немесе қолданбаудың негiздiлiгi туралы және егер бұлтартпау шарасы таңдалса, оның түрiнiң негiздiлiгi немесе негiзсiздiгi туралы мәселенi қарауға, егер осы уақытқа дейін бұлтартпау шарасын қолдану мерзімі өтіп кетсе, оны ұзартуға мiндеттi.

Өтініш берушінің пікірінше, дауланып отырған норма айыпталушыны соттың санкциясынсыз және шағымдану құқығынсыз қамауда ұстауға мүмкіндік береді.

Тексеру барысы мен нәтижелері туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланады.