Конституциялық Сотта Asia Zangeri халықаралық байқауының бірінші кезеңінің қорытындылары шығарылды

Конституциялық Сотта Asia Zangeri халықаралық байқауының бірінші кезеңінің қорытындылары шығарылды

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Конституциялық Сотта Asia Zangeri халықаралық әлеуметтік маңызы бар жобаның қатысушыларына арналған дәріс өтті. Бұл жоба – Орталық Азия елдерінің студенттері арасында сот процестерін ойын түрінде жүргізу бойынша ұйымдастырылатын сайыс. Байқауды екі жыл қатарынан қазақстандық Fortune Partners консалтингтік компаниясы ұйымдастырып келеді.

Жобаның негізгі мақсаттары – Орталық Азия өңіріндегі студенттер арасында қазақстандық құқықты насихаттау, ғылыми ойлау мен құқық қолдану дағдыларын дамыту, көпшілік алдында өткізілетін ойын сот процестеріне қатысу арқылы білікті заңгер кадрларын даярлау, сондай-ақ студенттердің әлеуетті жұмыс берушілермен өзара байланысын дамыту, инклюзивтілік қағидаттарын ілгерілету және ынталандыру.

Конституциялық бақылау органы жұмысының ерекшеліктері туралы Конституциялық Соттың судьялары Қанат Мусин мен Роман Подопригора айтып берді. Кездесу пікірталас форматында өтіп, оның барысында қатысушылар Конституциялық Сот судьяларынан өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға толыққанды жауап алды.

Шара барысында Asia Zangeri жобасының бірінші кезеңінің қорытындылары шығарылды. Биылғы маусымда байқауға 63 команда тіркеліп, олардың 28-і екінші кезеңге өтті.