Конституциялық Сот: құқық қорғау қызметінің қызметкерлері Конституция мен заңнаманы сақтауға міндетті

Конституциялық Сот: құқық қорғау қызметінің қызметкерлері Конституция мен заңнаманы сақтауға міндетті

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Конституциялық Сотқа «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 56-бабы 2-тармағы 7) тармақшасының және «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» 44-бабы 3-тармағы 5) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішпен құқық қорғау органының бұрынғы қызметкері жүгінді.

Аталған нормалар қызметкерлерге қолданылатын тәртіптік жазаларды және тәртіптік теріс қылықтардың түрлерін белгілейді.

Сот өтініш берушіге тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан босату туралы бұйрықтың күшін жою және жұмысқа қайта қабылдау туралы талабын қанағаттандырудан бас тартты.

Ол дауланып отырған нормалар оның еңбек ету бостандығы мен әлеуметтік қамсыздандыру құқығын шектейді деп санайды.

Конституциялық Сот қызметкерлер құқық қорғау қызметін өткеру кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға міндетті екенін атап өтті.

Өтініш субъектісі тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылды, оған сот баға берді. Осылайша, өтініш беруші сот тәртібімен қаралған нақты жағдайларды сот арқылы бағалау нәтижелерімен келіспейді. Оларды қарау Конституциялық Соттың құзыретіне кірмейді. Конституцияны тексеру үшін рұқсат етілген шарттардың болмауына байланысты өтініш берушінің өтініші іс жүргізуге қабылданбады.