Конституциялық Сот сотталғандарға телефон арқылы сөйлесуге тыйым салу туралы нормаларды тексереді

Конституциялық Сот сотталғандарға телефон арқылы сөйлесуге тыйым салу туралы нормаларды тексереді

Конституциялық Сотқа азаматтың Қылмыстық-атқару кодексінің 109-бабы екінші бөлігінің, 134-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасының және Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртiптеме қағидаларының 104-тармағының (ІІМ-нің 17.11.2014 жылғы №819 бұйрығы) Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініші келіп түсті.

Көрсетілген нормалар жазасын өтеудің қатаң шарттарындағы, сондай-ақ тәртіптік изоляторлардағы сотталғандар үшін телефон арқылы сөйлесуге тыйым салуды белгілейді. Тәртіптік изоляторлар мен жалғыз адамдық камераларға қамалған сотталғандар үшін азық-түлік пен қажетті заттарды сатып алуға, темекі шегуге және күндізгі уақытта ұйықтайтын орынды пайдалануға тыйым салынды.

Өтініш берушінің пікірі: бұл нормалар оның қорғануға, адвокаттан білікті заң көмегін алуға конституциялық құқығын шектейді, сондай-ақ БҰҰ-ның тұтқындармен қарым-қатынас жасаудың минималды стандартты ережелеріне (Нельсон Мандела ережелері) сәйкес келмейді.

Өтінішті қарау жөніндегі отырысқа қатысқандар:

Өтініш иесі, Парламент Палаталарының, Бас прокуратураның, Адам құқықтары жөнiндегі ұлттық орталықтың, ішкі істер, әділет министрліктерінің, Республикалық адвокаттар алқасының, парламентаризм институтының өкілдері.

Баяндамашы судья: Жақыпбаев Қ.Т.

Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес КС ресми сайтында сілтеме бойынша (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/activities/directions?lang=kkhttps://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/activities/directions?lang=kk), «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады.

 

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz