Сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беру құқығын шектеу туралы ереже Конституцияға сәйкес келе ме?

Сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беру құқығын шектеу туралы ереже Конституцияға сәйкес келе ме?

Конституциялық Сотқа азамат Б. кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстары үшін сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш жасау құқығын шектеу туралы норманың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы өтініш білдірді.

Өтініш Конституциялық Соттың отырысында қаралды. Тексеру мәні – Қылмыстық кодекстің 72-бабы сегізінші бөлігі 4) тармағының Конституцияға сәйкестігі.

Өтініш субъектісі Қылмыстық кодекстің дауланып отырған нормасы Конституцияға қайшы келеді және ол 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодекстің 120-бабының төртінші бөлігімен сотталғандармен бірдей жағдайда емес деп есептейді.

Конституциялық Соттың отырысы барысында судьялар өтініш субъектісін, Бас прокуратура, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, Әділет, ішкі істер, оқу-ағарту және денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдерінің ұстанымдарын тыңдады.

Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/activities/directions?lang=kk) заңның 65-бабына сәйкес соттың ресми сайтында және «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады