Парламент Мәжілісі Конституциялық Сот шешімін іске асыру мақсатында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулерді қарауда

Парламент Мәжілісі Конституциялық Сот шешімін іске асыру мақсатында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулерді қарауда

Парламент Мәжілісінде бірқатар жаңа заң жобалары, соның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу қаралуда. Заң жобасы қабылданғаннан кейін жүргізуші куәлігі жоқ және оны алмай тұрып көлік құралын басқарған, оның ішінде алкоголь немесе есірткі қолданған мас күйінде жауапкершілікке тартылған тұлғалар жеті жылға дейін емтихан тапсыруға жіберілмейді.  

Түзетулер ӘҚБтК-нің 608-бабының бірінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін қараудың қорытындысы бойынша қабылданған Конституциялық Соттың 2023 жылғы 27 қазандағы №34-НҚ нормативтік қаулысын (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/542602?lang=kk) іске асыруға бағытталған. Конституциялық бақылау органы дауланған норманы Конституцияға сәйкес деп танып, ӘҚБтК-нің 608-бабының алтыншы бөлігі көрсетілген құжатты алғанға дейін мұндай бұзушылықтың қайталап жасалуының профилактика (алдын алу) бойынша мемлекеттік саясатқа жауап бермейтінің атап өтті.

Анықталған құқықтық сәйкессіздіктерді ескере отырып және өмір мен денсаулықты қорғауға конституциялық құқықты негізге ала отырып, Үкіметке Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдарын ескере отырып, адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу тиімділігін арттыру мақсатында көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарғаны үшін жеке тұлғалардың жауаптылығын құқықтық реттеуді жетілдіру туралы мәселені қарауды ұсынды.