Соттар Конституциялық Соттың конституциялық емес деп таныған құқықтық нормаларға негізделген шешімдерін қайта қарауы керек пе?

Соттар Конституциялық Соттың конституциялық емес деп таныған құқықтық нормаларға негізделген шешімдерін қайта қарауы керек пе?

Жауап: Иә.

Конституцияға сәйкес емес деп танылған заңдардың және өзге де құқықтық актілердің, олардың жекелеген ережелерінің күші жойылады және Конституциялық Сот шешім қабылдаған күннен немесе ол белгілеген күннен бастап қолданылмайды.

Конституциялық Сот өзі қабылдаған қорытынды шешімнің қолданылуы мен орындалуының өзге тәртібін айқындаған жағдайларды қоспағанда, соттардың және өзге де құқық қолдану органдарының осындай заңға немесе өзге де құқықтық актіге негізделген шешімдері орындалуға жатпайды және белгіленген тәртіппен қайта қаралуға тиіс («ҚР Конституциялық Соты туралы» Конституциялық Заңның 63-бабының 3-тармағы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2200000153).