Конституциялық Сот төрағасы Қазақстан Республикасынан Венеция комиссиясының мүшесі болып тағайындалды

Конституциялық Сот төрағасы Қазақстан Республикасынан Венеция комиссиясының мүшесі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының 2024 жылғы 7 наурыздағы № 494 «Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиядағы Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы» Жарлығына сәйкес:

  • Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы Эльвира Әбілқасымқызы Азимова Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссияның (бұдан әрі - Венеция комиссиясы) мүшесі;
  • Қазақстан Республикасының Әділет министрі Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасынан Венеция комиссиясы мүшесінің орынбасары болып тағайындалды.

 

Анықтама:

Венеция комиссиясы Еуропа Кеңесінің конституциялық мәселелер жөніндегі консультативтік органы болып табылады. Еуропа Кеңесі 1990 жылы Шығыс Еуропадағы түбегейлі саяси өзгерістер кезеңінде – өтпелі экономикасы бар мемлекеттерге «төтенше конституциялық көмек» көрсету мақсатында министрлер комитетінің қарары негізінде құрылды.

Комиссия құрамына 61 мемлекет кіреді: Еуропа Кеңесіне мүше 46 мемлекет және одан басқа 15 еуропалық емес мүше (Алжир, Бразилия, Канада, Чили, Коста-Рика, Израиль, Қазақстан, Корея республикасы, Косово, Қырғызстан, Марокко, Мексика, Перу, Тунис және АҚШ).

Венеция комиссиясы Қазақстанмен 20 жылдан астам уақыт бойы ынтымақтасып келеді. 1998 жылдан бастап Қазақстан байқаушы мәртебесіне ие болды, ал 2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 наурыздағы №283 Жарлығы негізінде Комиссияға толыққанды мүше ретінде қосылды.