«Кәсібилік адамның жынысына қарамайды: қоғам әділ және білікті судьяның болғанын қалайды» – Эльвира Азимова

«Кәсібилік адамның жынысына қарамайды: қоғам әділ және білікті судьяның болғанын қалайды» – Эльвира Азимова

Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен Жоғарғы Сот ұйымдастырған «Әйел судьялар: кәсіби тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастық» атты халықаралық семинарының ашылуында сөз сөйледі.

Халықаралық судьялар күніне арналған шараға Жоғарғы Соттың Төрағасы Асламбек Мерғалиев, Конституциялық Сот судьясы Айгүл Қыдырбаева, қазақстандық және басқа елдерден келген әйел судьялар, сондай-ақ құқық саласындағы халықаралық және ұлттық сарапшылар қатысты.

Воркшоп қатысушылары гендерлік теңдікті ескере отырып, құқықтың үстемдігін нығайту және әйелдер, балалар және халықтың басқа да осал топтары үшін сот төрелігіне қолжетімділікті жақсарту мәселелерін талқылады.

Эльвира Азимова әйелдердің судьялар корпусында ерлермен тең дәрежеде болуы заңға сәйкес келетін және сотқа жүгінушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын әділ шешімдер қабылдау кезінде мән-жайлар мен дәлелдемелерді жан-жақты есепке алуды қамтамасыз ету үшін маңызды екенін атап өтті.

«Кәсібилік адамның жынысына қарамайды: қоғам әділ және білікті судьяның болғанын қалайды», – деп атап өтті Конституциялық Соттың Төрағасы.

Өз сөзінің соңында Азимова өңірдегі азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандығын тұрақтылықты қамтамасыз етудің және сақтаудың жаңа тәсілдерін әзірлеуге ықпал ететін cот төрелігі саласындағы Орталық Азия әйелдерінің қауымдастығын құру туралы бастамамен жүгінді.