Конституциялық Сотта Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы А.Бикебаев және Астана қаласы адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы Р.Узкановпен кездесу өтті.
Адвокаттар қауымдастығының өкілдері Конституциялық Сотта азаматтардың мүддесін білдіруге мүдделі екендіктерін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша Конституциялық Сот Аппараты, Республикалық адвокаттар алқасы және Астана қаласының адвокаттар алқасы арасында заң көмегін көрсетуді және азаматтарға Конституциялық Сотқа өтініш беру мәселелері бойынша кеңес беруді және құқықтық мәдениет һәм конституциялық бақылау мәселелері бойынша ғылыми-практикалық сипаттағы шараларға қатысуды көздейтін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.