
Конституциялық Сот Бас прокурордың Конституциялық кеңестің 1997 жылғы 6 наурыздағы №3 нормативтік қаулысының 6-тармағын түсіндіру туралы өтінішіне байланысты құқық қорғау органдарының, сот әкімшілігі, Әділет министрлігінің өкілдерін және сарапшыларды тыңдады.
Өтініште тергеу судьясының жекелеген тергеу әрекеттеріне санкция беру туралы шешімдер қабылдауы кезінде прокурордың қатысу мүмкіндігі туралы мәселе көтерілген. Бас прокуратураның өкілі прокурордың қатысуы сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі өкілеттікті тиімді орындауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Конституциялық Заңның 65-бабына сәйкес Конституциялық Соттың шешімі заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесінде және Конституциялық Соттың интернет-ресурсында жарияланатын болады.